19.04.2024
12:19
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   

1 қыркүйек - Білім күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Колледж директоры Ертаева Жанат Акебайқызы колледж ұжымын, білімгерлерді, ата-аналарды оқу жылының басталуымен кұттықтап, жылы лебізін білдірді.

Құттықтаймыз!

Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы, мәңгілік достықтың символы «Елорда күні»  қарсаңында «Nur Otan»  партиясының  бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға қатысып, белсенділік танытқаны үшін колледж директорының  орынбасарлары Рысбике Өмірбек, Еркеғали Акишов, колледж педагог-психологі Арайлым Жолымбекова алғыс хатпен марапатталды.

«Үздік взвод» жарысы өткізілді.

9 мамыр – Жеңіс күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, студенттердің Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етіп, өз халқымыздың тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Үздік взвод» жарысы өткізілді.

ТҮЛЕКПЕН БАЙЛАНЫС

Хамзаев Руслан Жалолович оқу орнымыздың 2017 жылғы «Құқықтану» мамандығының түлегі. Мереке қарсаңында Алматы облысының полиция департаментінің басшысы С.Кудебаевтың алғыс хатымен марапатталған Руслан Жалолович оқу орнымен байланысқа шығып, қуанышымен бөлісіп, хат жолдады.

«Құқық бұзушылыққа қарсы күрес»

«Құқық бұзушылыққа қарсы күрес» социологиялық зерттеу қорытындысы бойынша сараптамалық есебі. 2020 - 2021 оқу жылында 1 курс студенттер арасында «Студенттің өз қатарластарымен қарым – қатынасы және студент өміріндегі жағдаяттар» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Сауалнама анонимді түрде барлық мамандықтағы студенттері арасында жүргізілді.