04.03.2021
14:41
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 23 Тамыз 2019
713

Колледж тарихы

«Білім» кәсіби гуманитарлық – техникалық колледжі 2006 – 2007 оқу жылынан бастап жұмыс атқаруда. Колледж еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру саласында қызметін жүзеге асыруда. Бүгінде заман талабына сай мамандар даярлап, еліміздің білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Колледж қабырғасындағы білікті ұстаздар тәуелсіз еліміздің тұғырын нықтайтын білімді шәкірт тәрбиелеу жолында еселі еңбек етуде. Болашақ мамандардың дайындық сапасы оқытушылар құрамы мен жоғарғы деңгейде өткізілуде, тәжірибелі мамандар оқу процесіне жаңа инновациялық технологияны қолдануда. Колледжде ғылым докторы, ғылым кандидаттары, магистрлер, «ҚР үздік ұстазы» иегері Асем Сейсенбаева, «Білім үздігі» иегері Валентина Пономоренко, жоғары және бірінші санатты оқытушылар еңбек еткен және еңбек етіп келеді.Білім беру қызметіне берілген Мемлекеттік лицензия (2003 ж.)Елбасымыз айтқандай, еліміздің жарқын болашағы – білімді жастардың қолында. Ендеше, 10 жылдық тарихы бар оқу ордасы ел игілігі, мемлекет мүддесі тұрғысында еңбек етер жастарды тәрбиелеу жолындағы игілікті істерін атқаруда.

Колледж ел алдында тұрған басты әлеуметтік-экономикалық мәселені шешуге комектесуде, Қазақстанның өскелең экономикасын жоғары білікті, жоғары төленетін кадрлармен қамсыздандыруда. Колледжде білім алушыларға қолдау көрсететін кең әлеуметтік бағдарламалар бар және шығармашылық, бос уақыттарын тиімді пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізіледі.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында алдымызда әлі де көптеген жұмыстар атқару керектігін сезінеміз. Және де ұжым оқу процесінің жаңартылуына, басқарушылық міндетіне, оқытушылар мен студенттердің нәтижелі және шығармашылық жұмыстарына барлық жағдай жасауға дайын. Бұл жаңа міндеттер мен болашағымызды анықтайтын уақыт. Біз дамып, алға ұмтыламыз, колледж қабырғасында ойы ұшқыр және мақсаты айқын бозбала мен бойжеткендерді - Жаңа Қазақстанды өркендетуге қабілеті жоғары, қоғамның сенімді азаматтарын тәрбиелейміз. Біздің өнерлі және белсенді жасөспірімдеріміз және біздің сауатты да ынталы педагогтарымыз колледжге мақтан тұтарлық абырой-атақ әкелді. «Білім» кәсіби гуманитарлық – техникалық колледжінде қызмет ету – құрмет, білім алу – абырой.