04.03.2021
13:55
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 19 Сәуiр 2020
444

Қашықтықтан оқыту технологиясы

«Білім» кәсіби гуманитарлық – техникалық колледжі барлық білімгерлерге қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша білім алуға мүмкіндік берді. Білімгер оқу жоспарының барлық пәндері бойынша қашықтықтан оқыту курстары түрінде Internet желісі арқылы оқу материалдарын алады. Барлық ақпарат www.zhambyltipo.kz сайтында орналастырылған, оған әрбір білімгер өзінің логині мен паролі арқылы кіреді. Білімгер оқу материалдарына тұрақты қол жеткізе алады. 

Белгілі бір курстармен жұмыс істей отырып, білімгерлер материалды оқу қарқынын өз бетінше таңдайды, материалды қайталай алады, оны ойластыра алады.
Білімгерлерге арналған нұсқаулық, академиялық күнтізбе, сабақ кестесі, рейтинг кестелері және оқу үдерісі бойынша басқа да ақпарат қашықтықтан оқыту сайтында ұсынылады.
Қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу біздің  оқу орнымызға білім беру қызметтерінің спектрін кеңейтуге, заманауи талаптарға сәйкес оқытудың дәстүрлі түрлерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

Инстаграм паракшасынан көру үшін осы сілтемені басыңыз

Қашықтықтан оқу барысында үй жұмысын орындап оқытушыларға кері байланысқа шығу сәтінен алынған қызықты суреттер