22.09.2021
10:49
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 11 Қыркүйек 2019
1357

Колледж кітапханасы

Колледж кітапханасы

«Білім» кәсіби гуманитарлық- техникалық колледжі  кітапханасының

2019-2020 оқу  жылындағы жұмысы туралы

 

М Ә Л І М Е Т

 

Кітапхана- білімнің  биік белесі.

Ғасырлар бойын білімге шөліркеген қазақ ұлтының қасиет тұтар қазынасы- кітап. Оған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «ХХІ ғасыр- мәдениет, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапхана»- дегені дәлел.

Кітап деген- ұрпақтан ұрпаққа қалатын рухани мұра. «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деген болатын Ғабит Мүсірепов. Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу- әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Кітап- халықтың үлкен мұрасы десек, сол кітапты  бір жерде жинап ұстайтын- кітапхана. Сондықтан кітапхана киелі орын.

Қай қоғамда болмасын, кітапхана ісі маңызды саналады. Өйткені, ол адамзатты білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өмір шырағын қолына ұстатар мәдени орталық. Артық білімнің кітапта екенін, оны ерінбей оқу керектігін айтқан кемеңгер Абайдың ұлағатын әрбір саналы ақыл иесі өміріне мұрат қылса, құба-құп болар.

Менің «Білім» кәсіби гуманитарлық- техникалық колледжінде «кітапханашы» қызметін атқарып жатқаныма биыл үшінші жыл.

Кітапхана жұмысының сапасын арттырып, сөйтіп алдыңғы қатардағы кітапханалардың санатына қосу үшін  ұшы- қиыры жоқ, көзге көрінбейтін тірліктерді атқаруға тура келді. Соның нәтижесінде колледж кітапханасының жұмысы жандана түсті.  2019-2020 оқу жылында  487 күндізгі оқу бөлімінде оқитын білімгерлерге және 31 оқытушылар мен басқалар барлығы 518  оқырмандар кітапхана қызметін пайдаланды.

Бірінші кезекте  біз кітапхананың кітап қорының дұрыс сақталуын қадағалап, оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру үшін  кітапхана қорын бүгінгі талапқа сай кәсіптік жалпы білім беретін оқу білім жүйесіне сәйкес құнды оқулықтармен қатар оқу құралдары, әдістемелер, көркем әдебиеттермен толықтыру жұмысы басты мақсатымыз. Кітапхана қорын толықтыру ісіне уақыт талабына сай жаңа ізденістер мен идеялар қажет. Міндетті дананы алу, сатып алу, жазылу, сыйлау, айырбастау немесе кез келген басқа әдістер нәтижесінде кітапхана қорын бүгінгі талапқа сай оқу білім жүйесіне сәйкес құнды оқулықтармен қатар оқу құралдары, әдістемелер, көркем әдебиеттердің түрлерімен уақтылы  толықтырылып отыру барысындағы тынымсыз еңбекті қуана атап өтуге болады.

Ағымды оқу жылында кітапхана қорына қажет арнайы пәндерге дәріс беретін басылымдарға «Фолиант» баспасы арқылы сұраныс беріп кітапхана қоры 24 атаудығы 61 дана оқулықпен кітапхана қоры толықтырылды. Ол үшін атқарылған жұмыс алдын ала пән жетекшілірінен қажет басылымдарға сұраныстарын жинақтау арқылы, оны топтастырып баспаға тапсырыс берілді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығын, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2019 жылғы 17 мамырда № 18696 болып тіркелген, басшылыққа ала отыра 35 атаудағы 70 дана жалпы білім беретін оқулықтармен толықтырылды.

Кітап айырбасы тәртібімен Тараз теміржол колледжі кітапханасының кітапхана қорынан 14 қазан 2019 жылы  56 атаудағы 90 дана кітапты сатып алу барысында кітапхана қоры толықтырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кітапты сыйға тарт- В подарок - книга» атты ұйымдастырылған акция жалғасын тауып, осы акцияға қолдау көрсету барысында оқырмандардан ерікті түрде кітапхана қорына сыйға берілген кітаптардың саны 75 атаудығы 76 дана, және 222 атудағы 227 дана  сыйға тартылған кітаптың 80 пйызын мен өз тарабымнан кітапхана қорына сыйға тарту еттім.

Нәтижесінді бүгінгі күні колледж кітапханасының кітап қоры 8540 атаудағы 13082 дана.

«

Рет№

Оқулықтар атауы

Атау

Қаз тілі

Орыс тілі

Кітап қоры

Қаз тілі

Орыс тілі

1

Бастауыш білім беру

1781

552

1229

2508

1179

1329

2

Құқықтану

851

289

562

1309

524

785

3

«Қаржы» (салалар бойынша)

619

62

557

872

140

732

 

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану.

511

41

470

763

99

664

5

ЭЕТ және бағдарламалық қамсыздандыру

1149

149

1000

1854

667

1187

6

Оптикалық электронды жабдықтар

965

183

782

1855

649

1206

 

Арнайы пәннен дәріс оқулықтардың барлығы:

5876

1276

4600

9161

3258

5903

1

Білім. Педагогика ғылымы

529

95

434

654

196

458

1

ЖББО

109

76

33

1091

764

327

2

ЭО

581

-

581

581

-

581

 

ЖББО барлығы:-

690

76

614

1672

764

908

 

Жиынтығы: Арнайы, 74, ЖББО

7095

1447

5648

11487

4218

7269

1

Көркем әдебиет

1158

236

922

1306

290

1016

2

Басқа саладағы кітаптар

287

18

269

289

20

269

 

Барлығы: 84 және басқа

1445

254

1191

1595

310

1285

 

Жиынтығы:-

8540

1701

6839

13082

4528

8554

 

Ағымды оқу жылына жоспарланған жылдық жоспар және жылдық жоспар бойынша мекеме басшысымен бекітілген айлық жоспарға сәйкес жоспарланған жұмыстар жалғасын тауып жатты.

Жаңа түскен кітаптарды насихаттау, кітап көрмесі, ұсыныс тізімі, библиографиялық шолулар жасау ұйымдастырылады. Оқырмандардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі. Оқырмандар бұрынғыға қарағанда кітапханаға көп келеді. Ол біздің жұмысымыздың игі нәтижесі болса керек, мұның өзі алдағы тұрған жаңа жетістіктерге жетелейді бізді.

Ағымды оқу жылындағы жоспарға сәйкес атқарылған көпшілік жұмыстар:-

Атаулы күндерге байланысты, топтарға барып білімгерлер арасында библиографиялық шолулар  өткізілді:

  • «Бір ел-бір кітап» акциясының  биылғы  жылға таңдауы адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» тарихи романын жалпы ұлт болып оқу керектігі түсіп отыр, осы акцияға қолдау көрсету мақсатында ақынның өмірі мен шығармасынан.
  • -«Бір ел-бір кітап» акциясының биылғы  жылға таңдауы адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы Әбділда Тәжібаевтың лирикалық шығырмаларын жалпы ұлт болып оқу керектігі түсіп отыр, осы акцияға қолдау көрсету мақсатында ақынның өмірі мен шығармасынан.

-          -  Қоғам және мемлекет қайраткері, Орта Азия Қазақстанда Кеңес үкіметін орнатушылардың бірі Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл (26.11.1894-1943) толу құрметіне.

-          Суретші, актер, Қазақстанның халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Гүлфайрус Мансұрқыз Исмаилованың  туғанына 90 жыл (15.12.1929) толу құрметіне.

-          Қоғам қайраткері Ораз Жандосовтың туғанына 120 жыл (1899-1938) толу құрметіне

-          Гуманист- ойшыл, демократ, Орта Азия мен Қазақстан халықтары тарихы мен мәдениетінің жоқтаушысы болған, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін жетік меңгерген мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына 130 жыл (1890-1941) толу құрметіне.

-          Ақын Сүйінбай Аранұлыныңтуғанына 205 жыл (1815-1898) толу құрметіне.

Кітап көрмелері:- Атақты жазушылардың, қоғам қайраткерлері және басқа да атаулы даталарға байланысты көркемдеп, безендірілген кітап көрмелері ұйымдастырылды:-

-          «Бір ел-бір кітап» акциясының  биылғы  жылға таңдауы адам  жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» тарихи романын жалпы ұлт болып оқу керектігі түсіп отыр, осы акцияға қолдау көрсету мақсатында ақынның өмірі мен шығармасынан.

-          Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының қабылданғанына 30 жыл. «Қазақстан Республикасының халықаралық тілдері күні» мерекесіне орай «Ұлт қасиеті- тілінде»- атты.

 

 

-          «Бір ел-бір кітап» акциясының  биылғы  жылға таңдауы адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы Әбділда Тәжібаевтың лирикалық шығырмаларын жалпы ұлт болып оқу керектігі түсіп отыр, осы акцияға қолдау көрсету мақсатында ақынның өмірі мен шығармасынан.

-          Қазақ әдебиетінің негізін салушы, қогам қайраткері Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллиннің туғанына 125 жыл (15.10.1894- 25.02.1938)  толу құрметіне.

-          Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай «Тұңғыш Елбасымыз»- атты

-          Қазақстан Ресмпубликасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік тұғыры- желтоқсан»- атты.

-          Тарихшы, әдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулатидің туғанына 520 жыл (1499-1551) толу құрметіне.

-          Көрнекті ағартушы, демократ, тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушісі, археолог, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына185 жыл (1835-1865) толу құрметіне.

-          Ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтың туғанына 85 жыл (20.03.1935) толу құрметіне.

-          Академик, Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 120 жыл (22.04.1900-18.04.1973) толу құрметіне.

-          Гуманист- ойшыл, демократ, Орта Азия мен Қазақстан халықтары тарихы мен мәдениетінің жоқтаушысы болған, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін жетік меңгерген мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына 130 жыл (1890-1941) толу құрметіне.

Ұлы ақынды ұлықтау- ұлағатты іс. Қазақты әлемге танытқан – Абайымыздың 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы ЮНЕСКО-ның арнайы шешімімен дүниежүзі бойынша мерекеленгенгені бәрімізге белгілі, Ұлы ақынның 175 жылдық мерей тойын да  Қазақстан Республикасының президентінің жарлығы бойынша, ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ аясында мерекелеу керектігі жарияланды.  Қазақ ақыл- ойының биік шыңы болған ақын мұрасының әлемдік деңгейде мойындалуы оның әлеуметтік- мәдени және дүниетанымдық негіздері терең, тылсым сырға толы шығармаларын танып- білуге жаңа мүмкіндіктер береді. Осы орайда «Білім» кәсіби гуманитарлық- техникалық колледжінде ағымды оқу жылы басында Абайдың мерейтойына арналған іс-шаралар легінің алғашқы қадамы «Абайтану» үйірмесін ұйымдастырудан бастау алды. Үйірме жұмысының жетекшілігіне басшылық етуді басшылар кітапханашы маған сеніп тапсырған соң үйірме жұмысын жетілдіру менің міндетіме айналды, осы орайда атқарылған жұмыстар:-  Үйірменің мақсаты мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс- шаралар жоспарланып отырғанымен, мұның бәрі той тойлау үшін ұйымдастырылып отырған іс- шара деп түсінбей, керісінше білімгерлердің бойына қазақтың рухани дүниесінің көрнекті өкілі, кемеңгер ақын, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын, философиясын ұғып- түсіну арқылы   ой- өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дами отырып, Абай әр ғылым саласының білімі болған, әрі осындай жан-жақты ілімді іздеп, адами құндылықтарды бойына сіңіре берген, қазақты ағарту жолында тынбай еңбек еткен хәкімнің дара жолын бүгінгі ұрпаққа үлгі ету керектігін Қазақстан Республикасының Президенті  К.Ж.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында атап өтті.

«Абай тану» үйірмесінің мүшелігіне белсенді білімгерлердің қатарынан әр топтан топтағы үйірме жетекшісі және үйірме мүшесі сайланды, әр топтағы үйірме жетекшілері мен мүшелерінің міндеттері ағымды жыл бойы бекітілген жоспарға сәйкес атқарылатын іс-шаралардың тиісті деңгейде өтілуіне белсене қатысып ат салысуында. Бірінше кезекте «Абайтану» бұрышы ұйымдастырылып,  «Қазақта әлемге танытқан-Абай» тақырыбында көркемдеп, безендірілген кітап көрмесі, мақалалар жиынтықтарымен толықтырылуда және ерікті түрде колледж оқырмандары белсенділік танытып  Абай туралы кітаптарды, шығарылған буклеттерді сыйға тартып бұрышты толықтырып отыруда.

Алғашқы тәрбие сағатында 2ОЭЖ-1-18 тобының , топ жетекшісі Құмарқұлова Айдана Шоқанқызы, ұлы ақынның балалық, жастық шағы, өскен ортасымен таныстырды.

Абай өміріне қатысты қызықты деректерден «Абайтану» үйірмесінің жетекшісі- кітапханашы Жалбиева Баян Мамитбекқызы білімгерлерге сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген білімгерлерге арнайы дайындап келген сыйлықтарын табыс етіп отырды. Тәрбие сағатынан алған әсерді Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін білімгерлер хормен айтып  қорытындылады.

1ОЭЖ-19 тобының білімгерлері, топ жетекшісі Нуртаева Жанар Жолдасбекованың ашық тәрбие сағатының тақырыбы «Абай нақылы». «Абай нақылы»- өткір, тапқыр, нақыл сөздер- тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның білімгерлер үшін пайдасы мен атқаратын рөлі зор. Бейнелі сөздер айтайын деген ойдың ажарын кіргізеді. Нақыл сөздердің өмірдегі тәрбиелік мәні зор. Білімгерлердің ой- өрісін дамытып, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелейді. Білімгерлер перне тақтада көрсетілген ұяшықтарды ашу барысында шығып отырған Абай нақылының, Абайдың сырлы сөздерінің терең мағынасын  өз түсініктерімен бағалап, Абайдың сырлы сөздері адамға шабыт, көңіл ашатынын білдірді. Абай нақылының мән- мағынасын ашуға білімгерлермен қатар, ашық тәрбие сағатына қатысып отырған ұстаздардың да белсене араласып кеткендегі, өте тартымды болды. Мысалға:-«.. Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос»-  бірліктің негізі және маңызы көрсетілген. Достық сезім- адамдарды біріктіретін рухани қасиет. Бірлік жоқ болса- келешек те жоқ. Нақыл сөздердің мағынасын ашу барысында ойларын толық- дұрыс жеткізе білген білімгердің ой деңгейіне баға беріле отыра білімгер Әлібек Айдынның жауабына «Білімді», Қаратай Мәдиге «Данышпан», Сейдуан Шерханға «Ақылды», Жұмабай Ұлданаға «Тапқыр» және басқа да білімгерлерге жауаптарына  лайықты  атаулар жазылған жұлдызша төстеріне тағылды.

...Әсіресе 1ҚБ-1-19 тобының ұйымдастыруымен өткен Абай әндерінің таралуы,

1ҚБ-2-19 тобының білімгерлерінің ұйымдастыруымен өкен Абай аудармалары тақырыбындағы іс-шаралар.

Сонымен қатар 14 ақпан 2020 ж. колледждің мәжіліс залындағы  өткен  «Қазақты әлемге танытқа- Абай» атты Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына арналған әдеби кешті атап өтуге болады. Кеш барысында сахнаға бір қатарға тізбектеліп тұрған 4 білімгер ...Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?, ...Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?,...Біздермен осы күнгі тілдескен кім?, ....Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?-деп білімгерлер хормен А-Б-А-Й  деген кезде Абайдың рөлін сомдам Сейлханов Қалыбек Жүрегімнің түбіне терең бойла... деп шыққан кезде шынайы ортамызға Абай келгендей әсер қалдырды. Кеш барысындағы Абай /рөлді сомдаған Сейлханов Қылыбек/  мен Әбіш /рөлді сомдаған Бақтыбаев Сұлтан/ екеуінің арасындағы ақ зат пен қара заттың асылдығын ажырататын қойылымның ғажап сомдалғанынан, оны көрген жастар үлгі алатындай ойда қалды.  Кеш қонақтары Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысының көшбасшысы Каныбек Жарылқасынұлы, ардагер ұстаздарымыз Сейдрахман Боранқұлович, Сенкібай Қалдыбайұлы Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе, бүгінгі ұрпақ оны соншама құрметтеп сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр деген ойларымен бөлісіп кештің әсерлі өткендеріне ризашылықтарын білдірді. Кеш қонақтарына және кеш барысында Абайдың өмір жолы мен шығармашылығына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берген көрермендерге сыйлыққа Абайдың «Қара сөздері» кітабы берілді. Кештің әсерлі өткендігіне кеш қонақтарымен қатар көрермендер ризашылықтарын білдіріп тарқасты. Және кештің өткендігінің барысын көпшілік қауымға БАҚ арқылы насихаттау барысында облысымыздың жастар    Арай газетінің 27 ақпан 2020 ж. № 8/747/ санында  «Колледждегі кеш» тақырыбында насихатталды 

 Қазақты ағарту жолында тынбай еңбек еткен хәкімнің дара жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі. Алты алашқа, тіпті, адамзат баласына парасат биігінен үн қатып, ақыл айтқан Абайдың әрбір ісі- қай заманда да маңызын жоймақ емес. Оның өлеңі ұлтымыз үшін қандай қасиетті болса, қоғамдағы қызметі де сондай деңгейде насихатталуы заңдылық. Ендеше, «Мыңмен жалғыз алысқан» сөз зергерінің сан қатпарлы ғұмырын ақылға салып, таразылап, болашақ ұрпаққа саф таза күйінде жеткізу- біздің айнымыз борышымыз деп санап түрлі іс-шаралар: ашық тәрбие сағаттары, семиралар, кештер ұйымдастыру жалғасын табуда.

Есепті оқу жылында әр түрлі тақырыптардағы баталы сөздерді жинақтап бірнеше кітапшалар құрастырдым. Атап айтар болсақ:-«Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді», «Өмірден туындаған мақал- мәтелдер», «Ұлы даналардың нақыл сөздері» атты.

Бүгінгі күні 42 дана тақырыптық папкалар құрастырылды, оған күнделікті мерзімді баспаларда жарияланып жатқан оқырмандардың сұранысын қанағаттандыру барысында қажетті деген мақалалар жиынтығымен толықтырып отырудамын.

Колледж қабырғасында өткізілетін кез келген іс- шаралар өту барысында кітапхана тарабынан, өткізілетін іс- шараның тақырыбына сәйкес кітап көрмелерін және басқа да бар материалдармен қамтамасыз етуге  ат салысудамын.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Кітап оқитындар теледидар мен Интернетті  құрмет тұтатындарды басқаратын болады»- деген  нақыл сөзін еске алсақ,   қазіргі заманауи технологиялардың қарыштап дамыған заманында кітапхананың назардан тыс қалмай, әрдайым оқырманға мінсіз қызмет етуі, кітапқа, мерзімді басылымдарға қызығушылығын арттыруы. Отанымыздың тарихын, мәдени мұрасын, салт- дәстүрін, зиялыларының өмірі мен шығармашылығымен таныстыруы және білім мен тәрбиенің сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны. Сондықтан кітапқа қызықтыру- кең дүниетанымға қызықтыру, рухани байыту- кітапхананың төл ісі, және рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы- кітапхана. Бірде бір депудаттың теледидардын кітапханашылар жайлы айтқаны есімде «Наши библиотекари святые, питаются только святыми...». Құрметті әріптестер ! Менің сіздерге айтарым таңдаған мамандықтарыңыздың қиын да, ұшы-қиыры жоқ, көзге көрінбейтіндей, кейде жұмыс істеп жатсаң да елеусіз қалатын таусылмайтын жұмыс екенін біліміз. Сонда да ерінбей іздену барысында бар білімдеріңізді, талап жігерлеріңізді мамандықтарыңыздың  нағыз иесі болуға жұмсап жүрегіміздің кітапхана әлемімен бірге екенін ісімізбен дәлелдейік.

 

 

Кітапханашы:-                                         Жалбиева Б.М.