Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл әгентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменттің бас маманы Ажибаев Айбек Итқараұлы колледж студенттерімен «Адалдық сағаты» лекциясы аясында кездесу өткізілді.
Туған жердің киелі мекенінің тарихымен таныстыра отырып, олардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттыру мақсатында білім алушылар Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады. Саяхат аясында ата-бабамыздың мекені, ежелгі қоныс көне шаһардың мыңжылдықтарынан сыр шертетін құнды жәдігерлер және тарихи деректермен танысты.