20.04.2024
17:52
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 12 Қыркүйек 2019
2648

Колледж мақсаты мен міндеті

Колледждің мақсаты мен міндеті

«Білім» кәсіби гуманитарлық - техникалық колледжі мекемесі 28.08.2003 жылы құрылды. Мекеменің қызметі «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес, нормативтік құжаттарға және Жамбыл облыстық әділет департаментінде № 8334-1919-М-с 14.04.2011 жылы  қайта тіркелген мекеме жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

 «Білім» кәсіби гуманитарлық - техникалық колледжі мекемесіне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметімен айналысуға, мерзімі шектелмеген Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2012 жылғы  16 қаңтардағы  №16 б бұйрығымен №0048310  сериялы мемлекеттік лицензиясы берілген. 

Заңды тұлғаның атауы: «Білім» кәсіби гуманитарлық - техникалық колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мекеменің мекенжайы: 080000 Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы 90

Байланыс телефондары:

Қабылдау бөлімі:           45-21-23

Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайт:  www.bilim-taraz.kz

 

Колледж қызметінің мақсаты мен міндеттері

Колледж миссиясы – кәсіптік білім беру саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау

Колледждің әдістемелік тақырыбы:

Кәсіптік білім беруде құзіретті маман даярлаудың инновациялық жолдары

Мақсаты: 

  • Сапалы білім беру мен тәрбиелеу арқылы заман талабына сай кәсіби құзіретті маман даярлау
  • Колледж оқытушыларының кәсіби әдістемелік шеберліктерін шыңдауға, біліктілігін арттыруға, ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін жетілдіруге, жаңашыл тәжірибелер мен әдістемелерді кеңінен пайдалануларына бағыт беру.

Міндеттері:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының негізгі қағидалары, 24.11.2015 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың (30.11.2015 жыл)  «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Мемлекет басшысының бес институтционалдық реформа «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Білім және ғылым Министрлігінің нормативті құжаттары негізінде білім беру жүйесін жаңғыртудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру.

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес кәсіптік білім беруде оқытудың мазмұны мен технологиясын жетілдіру.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  24.04.2013 жылғы № 150 бұйрығының негізінде бекітілген үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының орындалуы және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын қолдануымен оқу сапасын арттыру.

  • Колледждің материалдық-техникалық базасын толықтырып, жаңартуды жалғастыру;
  • Маман даярлауда оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді зерттеу, жинақтау және тарату;
  • Педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  • Аттестаттаудан өтетін педагог кадрлардың теориялық және әдістемелік деңгейлерін көтеру мақсатында әдістемелік көмек көрсету;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында  дуальды оқыту жүйесінің тиімділігін зерделеу, жаңа технологияларды пайдалана отырып өткізілетін сабақтар санын көбейту;
  • Оқытушылар мен білімгерлердің  зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру, конференцияларға, байқауларға, конкурстарға қатысуын қадағалау;
  • Баспасөз беттеріне, әдістемелік сайттарға  оқытушылардың мақалаларын жариялауға бағыт бағдар беру;
  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ұлттық құндылықтарды басшылыққа алу, білімгерлердің құқықтық тәрбиесін күшейту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ақыл-ой еңбек мәдениетін дамыту.
  • Мамандықтар бойынша кәсіптік білім беру сапасын қадағалау және арттыру;

Оқу орны «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы №502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №531 бұйрығын жұмыс барысында басшылыққа алады.

Колледждегі білімгерлердің білімін ағымды бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурызындағы №125 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. (29.08.2013 жылғы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес)

2017-2018 оқу жылында колледжде 6 мамандық, 7 біліктілік бойынша мамандар даярланады