29.04.2024
10:50
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 13 Қантар 2022
269

Күшіміз бірлікте!

.Террористік акті кезінде қаза болған азаматтардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Имандары жолдас болсын!
Еліміздің тарихына назар салсақ, талай қиындықты еңсерген халықпыз. Оны өзінің бірлігі, татулығы мен ауызбіршілігі арқылы жеңді десек те қателеспейміз. Осы тұрғыда қалыпты өмірге оралу, азаматтарымыз бен бизнеске қолдау көрсету мақсатында колледж ұжымы бір күндік жалақыларын аударуға шешім қабылдады. Бағалай білгенге бақ қонады, қадірлей білгенге құт қонады» дейді халқымыз. Сондықтан, біз басымызға қонған бақты бағалай білейік. Аталарымыздың сан ғасырлық аңсары болған, қолымыздағы ең қасиетті, ең киелі деп саналатын ардақты Тәуелсіздігімізді сақтап қалайық!
Президентіміз–біздің, отбасымыздың, тұтас қоғамның қауіпсіздігінің жалғыз кепілі! Осы орайда, біз барша қазақстандықтарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамыз!
Біздің күшіміз бірлікте! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! #КүшімізБірлікте #СилавЕдинстве