24.11.2024
02:02
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 12 Қараша 2019
1043

Семинар-тренинг

Семинардың мақсаты: оқытушылардыңмәдени сөйлеу дағдысын қалыптастыру, әдеп сақтай білу, білімгерлермен жағымды қарым-қатынасын арттыру. Өз мамандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Семинар барысында мұғалімнің әдебі, білімгерлермен қарым-қатынас жасай білуі және өз мамандығына деген сүйіспеншілік жайлы сөз етіліп, әр түрлі жағдаяттар келтіріліп, сол жағдаяттардан шығу жолдары қарастырылды. Әр оқытушы өз пікірі мен ойын ортаға салып, пікір алмасты.
Семинар соңында оқытушылармен тапсырма орындалды. Тапсырманың қорытынды түйіні: тапсырманың ортақ бола тұра, әр адам тапсырманы әрқалай орындауында, яғни әркім баламен әрқилы қарым-қатынас жасап, түрлі әдіс қолдана алатындығын айғақтады. Одан соң "Мен-үйде" және "Мен жұмыс орнында" деген жаттығу өткізілді. Яғни жаттығу мақсаты үйде де жұмыс орнында да қалыпты мінез-құлықты сақтап, артық, оғаш әдеттен аулақ болу. Семинар соңында оқытушыларға көтеріңкі-көңіл күй сыйлау мақсатында жеңіл музыка ырғағымен "Ыстық картоп" ойыны ойнатылды. Онда музыка тоқтатылған сәтте қағаз бетіндегі сұрақтарға жылдам мүдірмей жауап беру тапсырылды. Барлық оқытушылар сұрақтарына толыққанды жауап беріп, ойынға жақсы көңіл-күймен, қызығушылықпен атсалысып қатысты.