Студенттердің ар-намыс кодексі
- Cтудент – Қазақстан Республикасының патироты, мемлекеттік ел таңбаны аса құрметтейді – гимн, ту, мемлекеттік тіл – Егемен Қазақстанның маңызды ерекшелігі.
- Студент сұранысқа ие маман болуға талпынады.
- Студент еліміздің мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне лайықты қатынасады.
- Студент колледждің беделін сақтауға және арттыруға міндетті.
- Студент оқыту үдерісінің тәртібін мүлтіксіз сақтайды. Міндетті оқу сабақтарына қатысады, оқу жоспарымен және білім беру бағдарламасымен қарастырылған барлық тапсырма түрлерін белгіленген мерзімде орындайды. Студент оқуды жоғары нәтижелерге жету үшін қолынан келгенінің бәрін жасауы тиіс.
- Студент жалпы адамгершілік моральдік-этикалық қағидаларды басшылыққа алады, университеттің корпоративтік мәдениетін сақтайды, этнос аралық алауыздыққа, діни экстремизмнің, ұлтшылдықтың және сыбайлас жемқорлық құқықтарын бұзуға жол берілмеу қажет деп есептейді.
- Студент өзінің кәсіби құзыреттікке, ғылыми білімге, емделушіге қатысты ақпараттың құпиялылығы қағидасына берілгендігін мойындайды.
- Студент үлкендерге шексіз құрмет, ризашылық және қастерлеу сезімдерімен оқытушылармен өзара қарым-қатынас жасайды. Студент студенттік ынтымақтастықты халықаралық интернационализациялау қажеттілігін және шет тілін қоса алғанда үш тілдің қажеттілігін мойындайды.
- Студент оқу үлгеріміне, тәртіпті сақтауға, жүріс-тұрыс нормаларын және Университеттегі ішкі тәртіп ережелерін орындауға, плагиат, білімді бақылау кезінде рұқсатсыз әдістеріне жауапты екенін мойындайды.
- Студент денсаулықты саналы салауатты өмір салты қажеттілігі деп есептейді және маскүнемдік, бұзақылық, нашақорлық және т.б. түріндегі бейәлеуметтік көріністерді белсенді жояды.
Студенттің этикалық кодексі:
- Колледж студенті – бұл біздің Отанымыздың интеллектуалдық потенциалы және оған Қазақстанның алдыңғы ұрпақтарының істерін жалғастыру күтіп тұр және жастар үшін алдын ала белгілі миссияны орындауға кәсіби, жалпы білім беру, мәдени, моральдік-адамгершілік жағынан дайын болуы қажет;
- Оқуға жауапты қатынас;
- Сапалы білім алу, кәсіби дағдылар мен шеберлік қалыптастыру;
- Рухани, мәдени мұраға ие болу;
- Отанын сүю, азаматтық борышын орындау;
- Мәдени және кәсіби деңгейін арттыру, колледж беделін сақтау;
- Колледж оқытушыларының, қызметкерлерінің адами құндылықтарын және өзгелер пікірлерін құрметтеу;
- Студенттік өзін басқару органдарына және қоғамдық ұйымдарға сайлау және сайлану;
- Тәрбиелік жұмыстар аясында колледжде ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысу;
- Академиялық адалдықты сақтау және көшіріп алуға, жазба қағаздарды пайдалануға, құжаттарды немесе мәліметтерді қолдан жасауға, өтірік айтуға, рұқсатсыз сақталған ақпаратты (оның ішінде компьютерлік) көшірме жасауға, өзгетуге немесе басқа мақсатта пайдалануға жол бермеу;
- Сабақ кестесіне сәйкес алдын ала, кешікпей таза ақ халатта оқу дәрісханасында орын алу. Дәрісханаға колледж басшылары, оқытушылары кірген кезде студенттер орнынан тұруы міндетті;
- Дәрістер, сабақтар, емтихандар кезінде ұялы телефондарды өшіру;
- Колледж мүлкіне (жайлар, жабдықтар, компьютерлер, мүлік, жиһаз және кітапхананың кітап қоры) ұқыпты және жинақты қарау
- Оқу ақысын уақтылы төлеу
- Оқу дәрісханасында, сыныптарда, дәліздерде, кітапханада және т.б. тазалық пен тәртіпті сақтау
- Науқастарды күту, науқастың туыстарымен және медициналық персаналмен қатынас кезінде медициналық этиканы және деонтологияны сақтау.