24.04.2024
07:36
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 23 Тамыз 2019
2990

Талапкерге

Құрметті талапкер!

Міне ,сенің өміріңде маңызды кезең басталды.Көкейіңде кім болам деген сауалдың тұрары анық.Оқу орнын таңдау – күрделі және жауапты қадам.Осындай кезде дұрыс шешім қабылдаудың маңызы зор.Дұрыс жасалған таңдау табысқа және жарқын болашаққа  қол жеткізуге көмектесетін білім мен машықтарды меңгеруге мүмкіндік береді.

 Өз таңдауында түлектердің басты мақсаты мен көздеген межесі білім ордасындағы қазіргі заманғы технологиялар, білікті ұстаздар әлеуметті материалды техникалық базасы болуы тиіс.

   «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі осы мақсаттар үдесінен шығуда.Біздің колледж үнемі даму үстінде және перспективалы бәсекелестікке қабілетті мамандар тәрбиелеуде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

     Колледж келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

1.Бастауыш  білім беру

  1. Құқықтану
  2. Қаржы

4.Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету

  1. Есептеутехникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  2. Оптикалық және электронды құрал- жабдықтар

 

Оқыту қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде бюджет және ақылы негізде жүргізіледі.Өтініштерді қабылдау : күндізгі оқыту түріне 20 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқыту  түріне 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін.

Бүгінде 6 мамандық бойынша білімгер тәрбиелеп отырған колледжіміздің мақсаты: бәсекеге қабілетті маман даярлау ісінде аймақ және республика көлемінде алдыңғы қатарлы білім ордасына айналу.