23.11.2024
04:12
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 11 Қыркүйек 2019
1272

Құжаттарды қабылдау

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 20339 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020339