ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ ЖҮКТЕУ (толық ақпарат)
Техникалық және кәсіптік білім беруге қазіргі уақытта елімізде ерекше мән беріліп отыр. Қазіргі заман үрдісіне сай дамыған өндірісте өз мамандығы бойынша терең де, берік білімге ие болуын, жалпы мәдениеттелік деңгейін әрдайым көтеріп отыруды талап етеді. Техникалық және кәсіптік-білімнің бәсекеге лайық ілгерілеп дамуы мемлекет, өнеркәсіптердің және азаматтардың әлеуметтік жағдайының дамуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуды, оның ішінде таяудағы 2-3 жылда дуальдік техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керектігін және келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажеттілігін атап көрсетті.
Дуальді оқыту жүйесінің негізгі мақсаты-техникалық кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды, жаңа иновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын дайын жұмысшы мамандар даярлау.
Білімгерлер өздері таңдаған мамандықтардың кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп ары қарай дамытуы керек. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірбиенің үйлесімді болуынан дуальді білім беру жүйесі енгізілді.
Қазіргі кезде оқытудың тиімді жобасы дуальді жүйесі кәсіптік техникалық колледждерде жұмысшы кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдары. Дуальді оқыту кәсіптік техникалық оқу орны мен өндірісте бірге оқыту. Дуальді оқытудың ерекшелігі – еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға кәсіптік техникалық колледждер ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші, өндірістік мекемелердің де жауапкершілігі артады.
Қазіргі кезде кәсіптік техникалық колледждер заманымызға сай жаңару мен даму үстінде. Дуальді білім беру процесі, ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, студенттің шығармашылық іскерлік сапаларын, коммуникативтілігін, жұмысқа бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырады. Дуальді білім беру жүйесі оқу үрдісінде кәсіптік техникалық колледждер базасында қалыптасып, жұмысшы мамандарды өндіріске бейімделуде.
Осы мақсатта отандық өндірістерге қажетті білікті мамандар даярлаумен айналысатын техникалық және кәсіптік білім беру саласында елеулі жұмыстар атқарылуда.Дуальдік білім берудің үш жылғы тәжірибесінің қорытындысы оң нәтижелері көрсетіп отыр. Ең маңыздысы, колледж студенттері нақты жұмыс дағдыларына төселуге, ұжымда жұмыс жасау білігіне ие болуға, әлеуметтік құзыреттілігінің қалыптасуына, таңдаған мамандығының қыр-сырын тікелей жұмыс орнында танып, психологиялық және кәсіби бейімделуден өтуге мүмкіндік алды.