28.02.2020 күні колледжімізде оқытушылар С.У. Минжанова мен Ж.К.Сатыбалдиеваның ұйымдастыруымен 1-2 курс қыздарының арасында "Ал, қанекей, кыздар!" тақырыбында байқау өткізілді. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Әрбір кезеңде ару қыздарымыз өздерінің білімділігін , іскерлігін, ас дайындаудағы шеберлігін көрсете білді. Зал іші іс-шараға сай безендіріліп, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлағандай әсер берді. Әділқазы мүшелері әрбір арудың іс-әрекетін жіті бақылай отырып, жеңімпаздарды әділ анықтады. Жеңімпаздар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сайыс қорытындысы бойынша 2ЕТ-18 тобының білімгерлері Сейдахметова Гүлқазына және Баймуратова Айниса жеңімпаз атанды.







Колледж мекен-жайы: Қазақстан Респубилкасы,Тараз қ., 080000, , Aбай даңғылы,90. Тел: 8(726) 45-21-23, 87016669307,email: bilim_2030@mail.ru