13.05.2024
00:35
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 02 Наурыз 2020
413

"Мамандықтың бәрі жақсы, қажеттісін таңдап ал"

27.02.2020 күні онкүндік аясында колледж бен жұмыс беруші ұйым арасындағы қарым қатынасты нығайту және білімгерлеріміздің қаншалықты теориялық білімді, тәжірибе барысында шыңдай түскендігін дәлелдей түсу мақсатында "Мамандықтың бәрі жақсы, қажеттісін таңдап ал" тақырыбында шеберлік сыныбы өтілді. Іс-шараға түрлі мекемеден мамандар келіп, білімгерлермен мамандықтар жайлы пікірлерін ортаға салып, мамандықтың қыр-сыры, қызығы мен қиындығы жайлы сөз тарқатты. Бұған қоса білімгерлер мамандықтары жайлы эсселер жазып, түрлі тапсырмалар орындап , іс-шара барысын ажарландыра түсті. Кеш қонақтары:
Жамбыл облысы заң консультанттар палатасының заңгері, Жамбыл облысы бойынша заңгер бөлім басшысы Курбанова Баян Калдыгуловна.
Тараз политехникалық колледжінің «Автомеханика» пәнінің оқытушысы Тленчиев Габит Жапаркулович.
«Білім» КГТК – нің «Автотехникалық қызмет көрсету» пәнінің ардагер оқытушысы Рысбаев Сеңкібай Қалдыбайұлы.
Байланыс саласының зейнеткері Тоқсанбаев Берік Сейітжанұлы.
№54 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Рысдаулет Каламкас Жамбыловна.
«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастар бөлімі» КММ есепшісі Сыздыкова Айнагуль Камбаровна.