02.05.2024
18:40
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 30 Наурыз 2020
572

Колледж директоры Ертаева Жанат Акебайқызының үндеуі

Құрметті, аса қадірлі ата-аналар! Өздеріңізді, жақындарыңызды қорғай біледі және Сіздерде бәрі жақсы деп ойлаймын. Еліміздегі күн сайынғы артып келе жатқан індеттің өте қауіпті екендігі бізді тағы уайымға салады. Қазір болып жатқан жағдай, біз үшін үлкен сынақ. Дәрігерлердің оқшаулау, вируспен контактілері барлармен қатынауға жол бермеу, карантин режимін және төтенше жағдайды сақтау жөніндегі барлық талаптары мен ұйғарымдарын мүлтіксіз орындау қажет. Бұл біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз! Әркімнің өз денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілік!

Өз балаларыңыз, ата-аналарыңыз, туыстарыңыз бен жақындарыңыз, достарыңыз және көршілеріңіздің денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілік!
Бүгінгі таңда мыңдаған қазақстандықтар инфекциямен бетпе-бет кездесіп жатыр. Олардың қатарында: дәрігерлер, құқық қорғау органдарының өкілдері, әскери, мемлекеттік қызметкерлер, журналистер, біздің өмірімізді қамтамасыз ететін адамдар, еріктілер!
Біз оларға тәртіпті және жауапты болумен ғана көмектесе аламыз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Егер Біз Денсаулық сақтау министрлігінің барлық талаптары мен ұсыныстарын, Мемлекеттік комиссияның шешімдерін мүлтіксіз орындайтын болсақ, онда біз бәріміз БІРГЕ пандемияны тезірек жеңе аламыз!
Біз сіздермен біргеміз!
Құрметпен, Жаннат Акебаевна!!!