Ол график суретшіге де, кескіндемешіге де, сәулетші және қолөнер шебіріне де қажет. Инженер мен дәрігер, географ, физика өзге де техникалық мамандық иелері үшін де аса маңызды.
Студенттерді сурет салуға баулу олардың бойында шығармашылық еркіндік пен белсенділікті қалыптастырады.
Сурет салу барысында балада талдау, ойын жүйеге келтіріп жинақтау, өз идеясын әсем түрде жеткізе білу, еңбекті бағалау, шыдамдылық сияқты қасиеттер дамиды. Бірақ балалардың барлығы бірдей қабілетті бола бермейді. Дегенмен, оқу орнымыздың студенттері қашықтықтан оқи отырып, өз белсенділіктерін танытуда.