«2017-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарында азаматтық борышымды өтедім. Бүгінде Қазақстан халқына қызмет етуге және жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, қоғамның, мемлекеттің, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында ҚР ішкі істер органдарында қызмет атқарудамын.
Қасиетті Әулиеата өңірінде өткен студенттік үш жылым текке өтпеді деп санаймын. Маған ерекше естеліктер сыйлаған «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі – сүйікті білім ордам ретінде жүрек төрінен орын алды! Рақмет саған «Білім» КГТК! Мен сенімен мақтанамын. Сен де менімен мақтанатын боласың!!!»
Руслан Жалолович егеменді еліміздің өркендеуіне қосар еңбегіңізге табыс, береке тілейміз!