Расымен облысымыздағы барлық бизнес өкілдерінің кәсіптерінің өсіп, өркендеуіне оң қырынан көп өзгерістер болды. Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер Палатасы өз жұмысын ауқымды етіп, аудандардағы кәсіпкерлерге көмек қолын созуға үлкен үлесін қосты. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру мақсатында құрылған Ұлттық палата өзіне кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру; кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау; кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу; кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу сынды міндеттерді толыққанды орындады. Облысымыздағы өз ісін бастауға ниет еткен, бірақ қалай, қашан, неден бастауға қиналған жандар дәл осы кәсіпкерлік палатасынан көмек алды. Оған аудан тұрғыны және бизнес өкілі ретінде өзіміз де күнделікті көз жеткізіп отырмыз. Тегін заңгерлік кеңестер, бизнес-жобаларға арнайы кеңестер де осы мекемеде берілді. Әрине, мұның бәрі заң аясында атқарылған жұмыстар.
Сонымен қатар, Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер Палатасының бастамасымен мыңдаған кәсіпкерлерге бизнес сауаттылығын арттыру барысында курстар ұйымдастырылды, білімгерлер арасында, оқу орындарында, түрлі жобалар ұйымдастырып, сертификаттар берілді. Кәсіпкерлік негізі пәні бойынша мамандарды қайта даярлау барысында зор үлес қосты.
Сондықтан, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге, жұмыссыз азаматтарға көп дүниеге қол жеткізуіне көмекші болды деп толықтай айта аламыз.