22.11.2024
08:27
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 26 Ақпан 2022
140

Патриоттық тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының кепілі


Ұлт батыры Б.Момышұлының сөзімен айтқанда, «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» және «Заң мен тәртіп – еліміздің игілігі мен берекесінің негізгі кепілі».
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Үндеуінде айтылғандай, қоғам дамуында білім беру және мәдениет саласын да естен шығаруға болмайды. Әсіресе, жастардың білімді болуы алғашқы кезекте ескерілуі керек. Білімді азаматтар елімізде шынайы кәсіби бәсекелестік алаңын құрып, табысты және лайықты өмірге көбірек қадам жасай алады.
Президент нақты шараларды жүзеге асыруға тапсырма берді, яғни «Үкіметке «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары бойынша қатысу мерзімін және еңбекақы төлеу көлемін ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыруды, жастардың және тұрғындардың әлсіз топтарының іскерлік бастамаларын жүзеге асыруына жағдай жасауды тапсырды.
Негізгі басымдық – сапалы білімге деген қолжетімділікті арттыру. Бұл барлық қоғам дамуының маңызды факторы. Осы орайда 2025 жылға қарай беделді 5 шетелдік университет филиалын ашып, оның ішінде ЖОО-лардың техникалық басымдылық берілетін екі филиалын еліміздің батысында ашу қажеттігін атап көрсетті.
Міне, Президенттің ұлттың рухани болмысы мен таным зердесін қалыптастыруға дәнекер болар, елдің білім тұтқасын ұстаған қоғам мүшелеріне артқан елдік жауапкершілігінің салмағы батпандай. Біздің міндет – осы бағытта жұдырықтай жұмыла қызмет атқару және ел алдындағы жауапкершілікті сезіну.