🔹Қазақ қызына тән өжеттік пен батылдықты бойына сіңірген Оразкүл Асанғазықызының колледж жастарымен кездесуінде аға, орта, жас буын өкілдері ортақ бір алаңда бас қосып, ұлттық болмысымызды қалай сақтап қалудан бастап, отбасы құндылықтарын ұрпақ жадына сіңіру жағын талқылады.
🔹Колледж жастары,ата-аналар ұлттық салтты жаңғыртушы қоғам қайраткерінен өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап, жаңа өмірге талпынған болашақ әке мен аналар өмірлік сабақ алды.
🔹Кездесу соңында Оразкүл Асанғазықызы жиналғандарды 2022 жылғы
5 маусымда елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өтетін республикалық референдумға белсене қатысуға шақырды.