Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық» - деп атап өтті.
🔹Осы мақсатта 30 мамыр күні «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» ұйымдастыруымен өткен 31-мамыр- «Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай, «Жазықсыз жазалағандар» атты дөңгелек үстел отырысына қатысқан колледждің 1 курс білім алушылары Ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды еске алып, сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салатыны туралы тарихи деректерді келтіре отырып, өз ойларын ортаға салды.
🔹Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсысының айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары – бәрі-бәрі бүгінгі ұрпақтың құлағында, жүрегінде, мәңгі есінде!