Күн тәртібінде:
1. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық
2. Колледждің ішкі тәртіп ережелері
3. Жеке бас гигиенасы
4. Әр түрлі мәселелер
12.09.2022ж - 14.09.2022ж «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде "Тәртіпке бағынған құл болмас, тәртіпсіз - ел болмас" тақырыбында 1 курс студенттері арасында қыздар, ұлдар жиналысы өтті. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жөнінде Тараз қаласы полиция басқармасы 1 ПБ жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Асилова Нурила Адлетовна, ювеналдық полиция тобының инспекторы, аға лейтенанты Надырбекұлы Манас түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
2-ші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акшалова Динара Жартыбаевна колледждің ішкі тәртіп ережелерімен, қоғамдық орындарда өзін өзі ұстау ережелері жөнінде мағлұмат айтты.
3-ші мәселеде колледж медбикесі Осан Сандуғаш Көшербайқызы колледж студент қыздарға жеке, ұлдарға жеке колледж гигиенасы туралы айтып, тазалық-денсаулық кепілі екендігін түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстап, күн тәртібін дұрыс пайдалануды айтты.
Сонымен қатар, колледж педагог-психологы Жолымбекова Арайлым Сарыбайқызы жасөспірімдерге физиологиялық-психологиялық өзгерістер мен кездесетін қиындықтар туралы алдын-алу профилактикалық сұхбат жүргізілді.