Кездесу барысында Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау. Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді дей келе, студенттерге салауатты өмір салтын сақтануға, бос уақыттарында спортпен шұғылдануға шақырды. Кездесу соңында студенттер арасында қызықты сұрақ-жауаптар алынды.
Мақсаты: – студенттерді Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге , бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
– студенттердің таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту. Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
– студенттерді ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Міндеті: білім алушылардың ұлттық рәміздер, негізгі құндылықтар, жаңа қазақстандық патриотизм, «Мәңгілік Ел», жаңғырту, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, «білімнің салтанат құруы» ұғымдарын меңгеруге көмектесу;