23.04.2024
03:47
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 04 Қазан 2022
87

«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде ұстаздар күніне орай «Ұстаз-киелі ұғым» атты мерекелік іс-шара өтті

   Колледж студенттерінің ұйымдастыруымен «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжінде ұстаздар күніне орай «Ұстаз-киелі ұғым» атты мерекелік іс-шара өтті.

   «Ұстаздық  еткен  жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу  ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз-киелі ұғым.Осы   ұлағатты сөздің астарында білімділік те, ақылдылық та, мейірімділік те, зерделік те жатқан жоқ па? Ұстаз-адамдықтың диқаншысы.

   Адам тәрбиелеудің, жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны. Кіршіксіз, пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де, білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан, өмірдің қыр-сырын меңгеретін де ұлық тұлғалар.

   Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.

   Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!