Оқытудың толық кезеңін қамтитын, мамандықтың дайындалатын біліктіліктеріне сәйкес практика базалары ретінде айқындалған шарттар жасау «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіптік практиканың базасы ретінде анықталған кәсіпорынмен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен бекітілген кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шартқа сәйкес кәсіптік практикадан өту туралы шарт жасалды.
Кәсіптік тәжірибенің мақсаты білім алушылардың нәтижеге бағытталған теориялық білімдерін бекітіп, тереңдету, таңдалған мамандық бойынша кәсіби қызметін өз бетімен орындау үшін қажет біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру және тәжірибе кезінде білім алушылардың кәсіби білімін көтеру.
Колледжде әлеуметтік серіктестермен білім беру бағдарламалары бойынша қарастырылған оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша:
2020-2021 оқу жылында 30 келісім шарт, оның ішінде 0105000 Бастауыш білім беру мамандығы бойынша 8 мекеме, 0516000 «Қаржы» мамандығы бойынша 2 мекеме, 1309000 «Оптикалық электронды құрал-жабдықтар» мамандығы бойынша 9 мекеме, 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша 4 мекеме, 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету , жөндеу және пайдалану» мамандығы 3 мекеме, 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 4 мекемемен келісімшарт жасалынды.
2021-2022 оқу жылында 8 келісім шарт, оның ішінде 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 4 мекеме, 0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша 1 мекеме, 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 2 мекеме, 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 1 мекемемен келісімшарт жасалынды.
2022-2023 оқу жылы 18 келісім шарт оның ішінде, 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 9 мекеме, 07140900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша 1 мекеме, 07140500 «Сандық техника» мамандығы бойынша 1 мекеме, 07161300 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша 1 мекеме, 04120100 «Банк және сақтандыру ісі» мамандығы бойынша 1 мекеме, 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 5 мекемемен келісімшарт жасалынды.