21.11.2024
21:19
                                                                 
+7 747 619 8977     bilim_2030@mail.ru    Абай даңғылы,90
                   
Created: 16 Мамыр 2020
1337

Байқау

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жамбыл  облысы әкімдігінің білім басқармасы

«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі

 

 

 

 

                                                             

                    «Бекітемін»                                                                                                                                   

        Директордың тәрбие- ісі      

        жөніндегі орынбасары

        __________ Кенбаева Г.Ж.

                  «_____»_________2021ж

 

 

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған

«Жыр алыбы-Жамбыл» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Байқау мақсаты мен міндеттері:

1.1. Студенттер арасында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын, кітап оқуды насихаттау;

1.2. Жамбыл шығармаларын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып. білім-ғылымға құмарлығын арттыру;

1.3. Студенттердің оқырмандық көзқарасын кеңейту;

1.4. Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;

1.5. Шығармашылық қабілеті бар балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру.

  1. Байқауды ұйымдастыру және жүргізу

3.1. Байқау Ж.Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша өтеді. Байқау аясында қатысушыларға олардың өздері таңдап алған ақынның өлеңдерін қазақ немесе орыс тілінде дауыстап оқу тапсырылады;

3.2. Қатысушылар түсірген вилеороликтерін 2021 жылдың 20-26 ақпан аралығына дейін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  поштасына жіберулері тиіс.

  1. Байқаудың шарттары мен талаптары

4.1. Байқауда Ж.Жабаевтың өлеңдері оқылады.

4.2. Бір оқылымның регламенті 3-5 минуттан аспауы тиіс. Оқу барысында музыкалық сүйемелдеу, декорация, костюм қолдануға болады. Қатысушы дауысының жазбасын қолдануға болмайды. Әр қатысушы шығарманы ешкімнің көмегінсіз өзі оқуы керек.

4.3. Байқауға колледждің 1-4 курс студенттер арасындағы тілек білдірушілер қатыса алады.

  1. Оқылымды бағалау

5.1. Байқау қатысушыларының оқылымын бағалаудың негізгі критерийлері:

  • таңдап алынған шығарманың өзіндік ерекшелігі;
  • оқу мәнері мен анықтығы (логикалық екпін, дауыс ырғағы, тембр, оқылымның эмоционалдық-экспрессивтік бояуы);
  • актёрлік шеберлік;
  • орындаушының сыртқы түрі;
  • шығарма тақырыбы мен музыкалық сүйемелдеудің, костюм мен декорацияның үндесуі.
  • Қатысушылардың өнері 10-балдық жүйемен бағаланады.
     
  1. Марапаттау

«Жыр алыбы-Жамбыл» байқауының жеңімпазы болып жоғары баллдары бойынша үш қатысушы таңдап алынады. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары  Г.Ж.Кенбаева, Ж.К.Сатыбалдиева

- байл. тел.: 87775251855, 87784884817

- е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.