«Білім» кәсіби гуманитарлық – техникалық колледжі
Онлайн-форматта өткізілген ата-аналар жиналысының
Хаттамасы №2
Тараз қаласы
Қатысқан оқытушылар саны: 18
Қатысқан ата-аналар саны: 38
Күн тәртібінде
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің 14.03.2020ж. №108 бұйрығына сәйкес, пандемия кезінде ата-аналарды жұмыс тәртібі туралы, кестелердің өзгерістері туралы, оқу процесін ұйымдастыру туралы, білім алушылардың оқу іс-әрекетінің барысы мен қорытындылары туралы бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
- 04.2020ж. Президент Қ.Тоқаевтың төтенше жағдайға байланысты Жарлығына сәйкес колледждер қашықтықтан оқытуды жалғастыра беретіндігі туралы түсіндірме жұмыстар-бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
- Студенттердің аралық және қорытынды аттестаттау онлайн режимінде өткізілетіндігі туралы – бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
- Ата-аналарға өз балаларына қатаң қадағалау жасап, құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасауына жол бермеуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сабаққа қатысуы туралы бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
- Пандемия кезінде бос уақыттарын тиімді пайдалану және онлайн режимінде жүргізілетін іс шараларға қатыстыру туралы – бөлім меңгерушілері, топ кураторлары
Тыңдалды
- Күндігі бөлім меңгерушісі Жақсылықова Айнұр сөз кезегін алды. Ата-аналарға оқу кестесіндегі өзгерістер мен сабақ уақытысы жөніндегі түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қашықтықтан білім алу Жамбыл облыстық Жамбылтипо порталы арқылы хабарланады.
- Топ жетекшілері оқу жылының басында ашылған ата-аналар енгізілген Whatsapp чатына электронды үлестірме парақшалар таратты.
- Студенттердің аралық және қорытынды аттестаттау онлайн режимінде қалай жүргізілетіндігі туралы арнайы және жалпы пәндер циклдық меңгерушілері түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
- Ата-аналарға балаларына қатаң қадағалау жасау үшін электронды ескертпе парақшалар топ жетекшілері тарапынан, желілер арқылы таратылды.
- Пандемия кезінде білімгерлердің бос уақыттарын үнемді пайдалану үшін атқарылатын іс-шараларға ата-аналар жауапты болсын.
Қабылданды:
- Оқытушы, колледж әкімшілігі, ата-ана тарапынан қашықтықтан оқыту барысында бала тәрбиесіне жауаптылықпен қарау
Төрайымы
«Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық
Колледжінің директоры Ж.А.Ертаева:
Хатшы: Акшалова Д.Ж.