Колледжге түсу үшін құжаттарды онлайн қалай тапсырады?
Egov порталы арқылы қалай өтініш беруге болатыны жайлы толық ақпарат
Әлемде таралып жатқан індетке байланысты, колледжге құжат тапсыру онлайн EGOV.kz порталы арқылы 20.06.2020ж басталады. Барлық сұрақтар бойынша +7 747 412 1465 нөмеріне хабарласыңыздар!
Міне ,сенің өміріңде маңызды кезең басталды.Көкейіңде кім болам деген сауалдың тұрары анық.Оқу орнын таңдау – күрделі және жауапты қадам.Осындай кезде дұрыс шешім қабылдаудың маңызы зор.Дұрыс жасалған таңдау табысқа және жарқын болашаққа қол жеткізуге көмектесетін білім мен машықтарды меңгеруге мүмкіндік береді.
Әрбір колледждің өзінің артықшылықтары болады. Біздің ең басты артықшылықатырмызды көрсете отырып, кез келген талапкерге білім ордасын, болашақ мамандығын таңдауға, дұрыс шешім қабылдауға көмектесеміз.
Оқу орнымыздың педагог - психологы Салтанат Рахматилақызы карантин уақытында ата-аналарға пайдалы кеңестер жолдайды.